Сурет: Egemen Qazaqstan
«Әділет» партиясының Саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы «AMANAT» партиясының мүшелеріне «Әділет» қатарына қосылу мүмкіндігі ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Әділет» партиясының II Съезінде Рауан Кенжеханұлы партияға мүшелікке қабылдау әр азаматтың жеке таңдауы негізінде жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
«AMANAT» партиясының мүшелеріне «Әділет» қатарына қосылу туралы ұсыныс жасаймыз. Бірақ бұл ұсынысты қабылдау не қабылдамау әр адамның өз шешімі болады. Қазір партияға мүшелікке өту рәсімі жеңілдетілген. Азаматтар цифрлық платформалар арқылы онлайн өтініш бере алады, – деді ол.
Оның айтуынша, партия қатарына қабылдау бойынша өтініштерді қабылдау жұмыстары басталып кеткен.

