Басты тақырып

Алжирдегі балалар үйіндегі өрттен 11 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды

Сурет: АРА

Алжирдің Мохамадия муниципалитетінде орналасқан балалар үйінде ірі өрт болып, салдарынан 11 адам қайтыс болды, тағы 19 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің Азаматтық қорғаныс қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Түрлі дәрежеде күйік алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Құтқарушылар өртті оқшаулау жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп, ғимараттағы адамдарды эвакуациялаған.

Оқиғаға байланысты тергеу басталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Көп оқылғандар