Categories Жайық news

Алтыннан алқа таққан күннен кейін: Бүгін Олимпиадада қай спортшыларымыз жарысқа шығады?

Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында бүгін Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы жарыс жолына шығып, ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Спорт жарыстарының тікелей көрсетілімін Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналарынан тамашалауға болады.

Қазақстандықтардың жарыс кестесі (Астана уақытымен):

14:00 – Тау шаңғысы спорты, слалом (ерлер). Ростислав Хохлов.

15:00 – Шорт-трек, 500 м (ерлер), 1000 м (әйелдер). Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова.

23:00 – Трамплиннен шаңғымен секіру, командалық жарыс. Илья Мизерных, Данил Васильев.

Қазіргі уақытта Олимпиаданың жалпы медальдар есебінде Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Олардың қоржынында 26 медаль (12 алтын) бар. Екінші орында – 22 медальмен (8 алтын) Италия, ал үздік үштікті АҚШ түйіндеп тұр (17 медаль, 5 алтын).

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісінің арқасында Қазақстан жалпы есепте Бразилиямен бірге 17-орынды бөлісіп тұр. Екі елдің де қоржынында бір-бір алтын медаль бар. Бүгінге дейін Италиядағы Олимпиада медальдарына 25 елдің өкілі қол жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…