Жайық news

Алматыда жасөспірім шатырдан секіріп кетті: Ол өлер алдында хат қалдырған

Two police officers standing behind a stop tape at night, scene partially illuminated by car headlights.

Алматыда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды. Куәгерлердің айтуынша, ол соңғы хатын жазып қалдырған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 27 қаңтарда Розыбакиев – Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Көп оқылғандар