Categories Жайық news

Алматыда курьер қызға тиісті: Полиция жеткізу сервистеріне талапты күшейтті

Алматыда жеткізу қызметінің курьері тапсырыс беруші қызға тиіскен соң, полиция департаментінің басшысы жеткізу агрегаторларына қатаң талаптар қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдұлдинов жеткізу сервистерінің басшыларымен кездесу өткізіп, бірнеше нақты талапты алға тартты. Олардың ішінде курьерлерді биометриялық сәйкестендіруді енгізу, аккаунтты үшінші тұлғаларға беруге тыйым салу және шетелдік азаматтарды жұмысқа тартуды шектеу мәселелері бар.

Бұл жиынға 14 ақпан күні гүл жеткізіп берген соң клиентке тиіскен курьердің ұсталуы себеп болған.

Полиция өкілдері егер компаниялар қауіпсіздік шараларын күшейтпесе және курьерлердің жол жүру ережесін сақтауын қадағаламаса, оларға қатысты қатаң нормативтік-құқықтық шаралар қабылданатынын ескертті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…