Алматыда күдікті адамды тұрғындар ұстап, полицияға тапсырды

Сурет: Polisia.kz (архив)

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше түйіншек табылып, сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторының тұрғындары «102» арнасына хабарласып, белгісіз біреудің көшелерді аралап жүріп, есірткі жасырған орындарды іздеп жүргендей күдік туғызғанын айтқан. Оқиға орнына полицияның жедел экипажы жіберілді. Тұрғындардың бірі күдіктіні тоқтатып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған.

Полицияның мәліметінше, ұсталған адам – Алматы қаласының 33 жастағы жұмыссыз тұрғыны, ол есірткі қолданатынын айтып, синтетикалық есірткінің жасырылған орнын іздеп жүргенін жеткізген.

«Тәркіленген түйіншектердің нақты құрамын және олардың қандай зат екенін сот-химиялық сараптама анықтайды», делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар

Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазгидромет 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік. Жылдың алғашқы тоқсанында 352,2…

Астана күнінде елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күнінде сағат 00:00-ден бастап елордада 24 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.