Сурет: wikipedia.org
Үлкен Алматы көлі маңында теңіз деңгейінен шамамен 2300 метр биіктікте 18 жастағы турист қыз қалып қойып, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қыз тау соқпағымен төмен түспек болып, келе жатып аяғын жарақаттап алған. Содан кейін ол өздігінен түсе алмаған. Хабарлама арқылы оқиға орнына құтқарушылар жедел жеткен.
Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары турист қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, «Аюсай» визит-орталығына дейін қауіпсіз түсірген. Зардап шегуші жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

