Басты тақырып

Алдағы үш күнде ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

16-17 шілде күндері кейбір аудандарда қатты жауын-шашын, бұршақ және желдің екпінді күшеюі мүмкін. Жауын-шашын әсерінен Қазақстанның батысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді: күндіз ауа температурасы +22…+35°С шамасында болады. Солтүстік өңірлерде температура қысқа мерзімге +21…+36°С-қа дейін төмендейді. Ал республиканың орталығы мен шығысында өте қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батыстың кейбір аудандарында Орта Азия аймақтарынан келетін ыстық ауа массаларының әсері сақталады. Бұл өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр болуы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы +41…+46°С-қа дейін жетеді. Бұл климаттық нормадан жоғары көрсеткіш.

Көп оқылғандар