Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

Сурет: Kazinform

Қазгидромет 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Осы кезеңде республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, 7–8 шілдеде солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 7 шілдеде орталықта және шығыста, 8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, 9 шілдеде батыста қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: еліміздің солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы 35–39°С-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 41°С-қа дейін жететін өте қатты ыстық күтіледі. Солтүстік өңірлерде 35–38°С-қа дейінгі қатты ыстық болжанады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ұқсас жазбалар

Алматыда күдікті адамды тұрғындар ұстап, полицияға тапсырды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік. Жылдың алғашқы тоқсанында 352,2…

Астана күнінде елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күнінде сағат 00:00-ден бастап елордада 24 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.