Басты тақырып

Алдағы демалыс күндері 45 градусқа дейін күн ысиды

Сурет: kazhydromet.kz

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

11-13 шілде аралығында еліміздің батыс өңірлерінде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Ал шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жауын-шашын болғанымен аптап ыстық бәсеңдемейді. Күндіз ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы +33…+40°C аралығында болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде +38…+45°C-қа дейін көтеріліді, осындай күшті және өте күшті аптап ыстық болады.

Көп оқылғандар