Сурет: Polisia.kz
Алакөл жағалауында патрульдеу жүріп жүрген Абай облысы ПД арнайы жасақ қызметкерлері (ЖҚАЖ) демалыс базаларының бірінің маңында кенеттен есінен танып қалған жас жігітті байқаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жігіттің жағдайы күрт нашарлап, тыныс алуы қиындаған. ЖҚАЖ аға инспекторы Асланбек Абдельдинов уақыт оздырмай алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Кәсіби әрі жедел әрекеттің нәтижесінде жігіттің тыныс алуы қалпына келген. Полиция капитаны оны қауіпсіз қалыпқа жатқызып, жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенше бақылауда ұстады.
Осы уақытта арнайы бөлімшенің өзге қызметкерлері жедел жәрдем көлігін қарсы алып, медицина қызметкерлеріне оқиға орнына ең қысқа жолмен жетуге көмектесті, делінген хабарламада.
Медицина қызметкерлеріне тапсырылған жас жігіттің жағдайы қазір тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Мазмұнға өту
