Шартарап

Актер Еркебұлан Тоқтар ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды

Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал MMA спортшысы әрі актер Еркебұлан Тоқтар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, ведомство қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында спортшының бейәдеп сөздер айтқан видеосын анықтаған.

Осыған байланысты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Еркебұлан Тоқтарды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша кінәлі деп таныған.

Прокуратура өкілдері танымал болу заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Ақтөбеде балағат сөздер айтқан тиктокер қамауға алынған. Шу қаласында дәрігерді балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады. Ал Қарағанды облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйел жауапқа тартылды.

Көп оқылғандар