Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық стенд атушы Әсем Орынбай Катардың Доха қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында 5-орынға ие болып, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасындағы «скит» жаттығуының қорытынды кезеңінде қазақ спортшысы осы нәтижені көрсетті. Бұл жетістік Қазақстанның спорттық ату саласындағы маңызды табысы және отандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары дайындығын дәлелдейді.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1–14 қараша аралығында Дохада ISSF спорттық атудан әлем чемпионаты өтуде. Байрақты додаға 90 елден 1000-нан астам спортшы қатысуда. Қазақстан ұлттық құрамасының атынан стенд атудан 12 спортшы, нысана көздеуден 18 спортшы сынға түсуде.
Спорттың әр түрінен Олимпиадаға жолдама беретін іріктеу турнирлері басталып кетті. World Boxing ұйымы боксшылар үшін іріктеу турнирлерін өткізетін мемлекеттердің тізімін жариялаған болатын. Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов Роттердамда өткен әлем чемпионатының финалына шыққан болатын. Аталған додада Лос-Анджелес Олимпиадасына арналған алғашқы командалық жолдамалар ойнатылады.
Мазмұнға өту
