Сурет: ҰОК
Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының мүшесі Әнел Тәшбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің дерегінше, ол жекелей уақыт сынында қарсыластарын оздырып, алтын медальға қол жеткізді. Қазақстандық велошабандоз қашықтықты 11 минут 32.57 секундта еңсерді.
Күміс медальді Словакия өкілі Каролина Гайдукова иеленді – 11:37.62. Үшінші орынды ресейлік Ангелина Новолодская түйіндеді – 11:43.65.
Осылайша, Қазақстан құрамасының медаль қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медальға қол жеткізген болатын.
Сонымен қатар биыл Филиппиннің Тагайтай қаласында өткен тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алғанын атап өткен жөн.
Мазмұнға өту
