Categories Қоғам

Әлемдегі ең қауіпті әуежай: Лукладағы Тенцинг-Хиллари

Сурет: Getty

Әлемдегі ең қауіпті әуежай ретінде танылған Непалдың Лукла қаласындағы Тенцинг-Хиллари әуежайының ұшу-қону жолағының ұзындығы небәрі 527 метр, ал ені 20 метр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Салыстырмалы түрде айтсақ, көптеген халықаралық әуежайлардың ұшу-қону жолағының ұзындығы 3 мың метрден асады. Лукла әуежайының тағы бір ерекшелігі – ұшу-қону жолағының 12 пайыздық еңісі. Бұл ұшақтардың қону кезінде жылдамдығын азайтуға көмектеседі. Дегенмен мұнда қателікке орын жоқ. Ұшақ тым ұзап кетсе, тау беткейіне соғылады, ал қонуға ерте төмендесе, терең жартастан құлап кету қаупі бар.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әуежай ашылғаннан бері мұнда 7 ірі апат тіркеліп, 56 адам қаза тапқан. Қауіпті жағдай тек қысқа ұшу жолағымен шектелмейді. Биік таулы аймақта ауа тығыздығының төмен болуы ұшақ қозғалтқыштарының жұмысына әсер етеді. Соның салдарынан ұшақтардың көтерілуі мен тежелуі күрделене түседі.

Сонымен қатар Гималай өңіріндегі ауа райы құбылмалы келеді. Аспан ашық болып тұрып бірнеше минуттың ішінде қалың тұман түсіп немесе қар жауып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ұшақтар кері бұрылып, Непал астанасы Катмандуға қайтуға мәжбүр болады. Мамандардың айтуынша, муссон маусымында жоспарланған рейстердің шамамен жартысы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегеріледі немесе тоқтатылады. Соған қарамастан туристік маусым кезінде әуежайда күніне 50-ге дейін рейс орындалады. Мұндай бағытта тәжірибесіз ұшқыштардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.

Непалдың авиациялық талаптарына сәйкес, Луклаға ұшатын ұшқыштардың кемінде бір жылдық жергілікті тәжірибесі болуы керек. Сонымен қатар олар 100-ден астам қысқа қашықтықтағы ұшу мен қонуды орындап, нұсқаушымен бірге 10 сәтті жаттығу рейсінен өтуге міндетті.

Ұқсас жазбалар

Астанада судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымының басталуына орай су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету…

Қорғаныс министрі Ұлттық қорғаныс университетінің түлектеріне дипломдар табыстады

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің «Бас штаб академиясы» факультетінің офицер-түлектері…

«Таза Қазақстан»: Астанада жастар экологиялық акция өткізді

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмысы өтті. Алматы ауданы әкімдігі мен «Астана жастары»…