Сурет: KBF
Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының ширек финалдық кездесулері аяқталды. Лаура Есенкелді, Тимур Нұрсейітов және Алуа Балқыбекова жарыстан шығып қалды. Ал қалған сегіз спортшымыз жартылай финалда бақ сынайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
70 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов Иордания боксшысы Зеяд Еашашпен кездеседі. 80+ келіде Дина Исламбекова Өзбекстан өкілі Олтиной Сотимбоевамен жұдырықтасады.
54 келіде Назым Қызайбай Тайланд спортшысы Натнича Чонгпронгклангпен, 60 келіде Виктория Графеева Өзбекстаннан келген Ситора Турдибековамен күш сынасады. 80 келіде Валерия Аксенова Франция боксшысы Давина Мишельмен жекпе-жек өткізеді.
50 келіде Санжар Ташкенбай Испаниядан келген Мартин Молина Сальвадормен, 65 келіде Аида Әбікеева Бразилия спортшысы Беатриз Феррейрамен, 90+ келіде Айбек Оралбай Джоэл Рамоспен (Бразилия) кездеседі.

