Сурет: ҚКФ
Күрестен Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатының ертеңгі алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының төрт балуан қызы мен еркін күрестен екі спортшысы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Олардың төртеуі алғашқы белдесулерін өткізеді. Жәмила Бақбергенова қола медаль үшін күреседі, ал Ирина Кузнецова жұбаныш белдесуіне қатысады.
Жартылай финалда Қытай өкілі Зелу Лиге есе жіберген Жәмила Бақбергенова қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.
Ирина Кузнецова жұбаныш белдесуінде Амина Танделовамен (Ресей) кездеседі. Бұған дейін 1/8 финалда жапониялық Нонока Одзакиге есе жіберген Ирина қарсыласының финалға шығуының арқасында жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.
Алғашқы белдесулерін өткізетін балуан қыздар: Нагиса Харада (Жапония) және Бедиха Гюн (Түркия) қарсыластарымен кездеседі.
Еркін күрестен Андрей Джелеп (Украина) және Абдулрашид Садулаев (Ресей) бозкілемге шығады. Отандасымыз алғашқы белдесуінде Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, әлемнің алты дүркін чемпионымен кездеседі.
Белдесулер Астана уақытымен сағат 10:30-да басталады. Әйелдер және еркін күрестен жартылай финалдық кездесулер 16:30-ға, ал әйелдер күресінен медаль үшін шешуші белдесулер 18:00-ге жоспарланған.
Еске салайық, күрестен Әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы «Барыс Аренада» өтіп жатыр.
Айта кетейік, әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зейнеп Баянова қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Беларусь өкілі Наталья Варакинамен кездесіп, қарсыласынан 6:1 есебімен басым түсті.
Мазмұнға өту
