Сурет: championat.com
Әлем чемпионатының G тобындағы екінші тур кездесуінде Бельгия мен Иран құрамалары тең түсті. Командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алмай, ойын 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «SoFi Stadium» аренасында өткен матчты аргентиналық төреші Дарио Эррера басқарды.
Ойынның 25-минутында ирандық шабуылшы Мехди Тареми есеп ашқанымен, VAR жүйесінің тексерісінен кейін гол есепке алынбады.
67-минутта бельгиялық қорғаушы Натан Нгой қызыл қағаз алып, командасын он ойыншымен қалдырды. Алайда Иран сан басымдығын пайдалана алмай, матчта есеп ашылмады.
Екі турдан кейін Бельгия мен Иран қоржынын екі ұпаймен толықтырды. Ал Египет Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңіп, топта әзірге 4 ұпаймен көш бастап тұр. Жаңа Зеландия қос турда жалғыз ұпайды місе тұтты.
Үшінші турда Бельгия Жаңа Зеландиямен кездессе, Иран Мысыр құрамасымен күш сынасады. Екі матч та 27 маусым сағат 06:00-ге жоспарланған.

