Спорт

Әлем чемпионаты: Бағдат Сабаз қола үшін күреседі, Зейнеп Баянова ширек финалда

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресі басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан атынан алғаш болып Бейбіт Сейдуәлі 65 келіге дейінгі салмақта Гонконг өкілі Цуй Тин Саумен күресті. Ол қарсыласын 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға шықты. Келесі айналымда Чили өкілі Хименес Фернандесті 3:2 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Алайда Моңғолия өкілі Энхжин Түвшинжаргалға 1:3 есебімен жол беріп, жартылай финалға өте алмады.

Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақта 8/1 финалда Өзбекстан өкілі Актенге Кеунимжаеваны 7:1 есебімен жеңді. Ширек финалда моңғолиялық Отгонжаргал Долгоржавты 5:4 есебімен ұтып, келесі кезеңге шықты.

Грек-рим күресінен Бағдат Сабаз 67 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде Қытай өкілі Цзинь Синьсиньнен басым түсіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Нилуфар Раимова 57 келіге дейінгі салмақта 8/1 финалда Ресей өкілі Анастасия Яндущкинаны 7:5 есебімен жеңді. Содан кейін Украина спортшысы Александра Хоменецті 12:6 есебімен ұтты.

Гүлмарал Еркебаева 76 келіге дейінгі салмақта 8/1 финалда Франция спортшысы Кендра Дашерді 7:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Бірақ 4/1 финалда Түркия өкілі Кадрие Кожак Аксойға 8:12 есебімен жол берді.

Финалдық кезең бүгін сағат 18:00-де басталады.

Көп оқылғандар