Сурет: adilet_partiyasy
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі жұмысын бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Съезде делегаттар партияның сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттардың партиялық тізімін бекітеді. Сондай-ақ партия Жарғысына өзгерістер енгізу, мүшелік жарналардың мөлшерін белгілеу және қорытынды Қаулы қабылдау жоспарланған.
Партия өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта «Әділет» партиясы ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрып, басшылық органдарын жасақтаған.
Еске салайық, «Әділет» партиясы түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бастамасымен құрылған. Партияның құрылтай съезі 2026 жылғы 7 мамырда Астанада өткен.
Мазмұнға өту
