7 мамырда Астанада «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтіп, партия ресми түрде жұмысын бастады. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен делегаттар қатысып, жаңа саяси күштің бағытын айқындады.
Партияның басты ұстанымын оның төрағасы Айбек Дәдебай нақты жеткізді.
Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп! — деді Дәдебай съезде сөйлеген сөзінде.
Съезде партияның алдағы жоспарлары мен идеологиялық бағыттары бекітілді. «Әділет» қоғамда әділдікті орнату мен заң үстемдігін қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мазмұнға өту
