Сурет: adilet_partiyasy
«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына 186 кандидат ұсынды. Бұл партияның кезектен тыс III съезінде белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 1 000-нан астам делегат қатысуда.
Съезд барысында делегаттар Құрылтай сайлауына ұсынылатын партиялық тізім мен сайлауалды бағдарламаны бекітті. Сондай-ақ партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындау және қорытынды қаулы қабылдау мәселелері қаралды.
«Әділет» саяси партиясы түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бастамасымен құрылған. Партияның құрылтай съезі 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында өткен болатын.
Мазмұнға өту
