Categories Қоғам

ӘЧ-2026: Бразилия Шотландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді

Сурет: Sports.kz

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы соңғы матчта Бразилия құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ойын Флорида штатындағы «Хард Рок Стэдиум» стадионында өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Есеп ойынның 7-минутында ашылды. Шотландиялық қақпашы мен қорғаушылардың допты ойынға қосу кезіндегі өрескел қателігінен кейін Райан пасты қағып алып, Винисиус қақпашымен бетпе-бет шықты. Шабуылшы қарсылас қақпашысын алдап өтіп, допты бос қақпаға дәл бағыттады.

Винисиус 22-минутта қарсылас қақпасына тағы бір гол соқты. Алайда VAR жүйесінің көмегімен эпизод қайта қаралып, төреші допты тартып алу кезінде ереже бұзылғанын анықтап, голды есепке алмады.

Бірінші таймға қосылған уақытта Бразилия құрамасы тағы бір гол соқты. 45+3-минутта Винисиус қақпаға баспен соққы жасап дубль жасады.

Ойынның соңғы нүктесі 60-минутта қойылды. Бруну Гимарайнс Матеус Куньяны тиімді соққы жасау үшін ыңғайлы жағдайға шығарды. Ал шабуылшы өз мүмкіндігін қалт жібермей, есепті 3:0-ге жеткізді. Осылайша, Бразилия құрамасы Шотландияны ірі есеппен жеңіп, топтық кезеңді сәтті аяқтады.

Топтық кезең қорытындысы бойынша Бразилия құрамасы 7 ұпай жинап, С тобында бірінші орын алды. Сондай-ақ 7 ұпай еншілеген Марокко құрамасы екінші орынға тұрақтады. Шотландия 3 ұпаймен үшінші орынға жайғасса, бірде-бір ұпай жинай алмаған Гаити соңғы, төртінші орынмен жарысты аяқтады.

Енді Бразилия 1/16 финалда F тобының екінші орын алған командасымен кездеседі. Ал Марокко F тобының жеңімпазымен ойнайды.

Шотландия топтық кезеңді үшінші орынмен аяқтады. Енді команда плей-оффқа үшінші орын алған үздік 8 құраманың бірі ретінде шығу үшін өзге топтардағы ойындардың нәтижесін күтеді.

Гаити құрамасы С тобында соңғы орын алып, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады.

Ұқсас жазбалар

Маңғыстауда есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келі марихуана тәркіленді

Маңғыстау облысында заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келіге жуық марихуана тәркіленді.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Орал қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Адам өмірі мен денсаулығы – баға жетпес байлық» тақырыбында ауқымды іс-шара өтті.

Шараға 400-ден астам Батыс Қазақстандықтар қатысып, есірткіге қарсы күрес пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған…

184 жас «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Биыл 184 жас «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 137 жас магистратура, 10 азамат…