Categories Жайық news

9,3 млрд теңге шығын: Екі облыстың ХҚКО қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Алматы және Жетісу облыстарында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Мемлекетке 9 миллиард теңгеден астам шығын келтірген 21 адам 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сотталушылардың арасында мамандандырылған ХҚКО, әкімшілік полиция қызметкерлері мен делдалдар бар. Олар ақшаға құжаттарды қолдан жасап, мемлекеттік дерекқорға жалған мәліметтер енгізіп отырған.

Тергеу мәліметінше, 2020-2021 жылдары Қарасай ауданының мамандандырылған ХҚКО-да 904 жүк көлігі заңсыз есепке қойылған. Бұл әрекеттен мемлекетке 5,6 млрд теңге көлемінде залал келген.

Ал 2022-2023 жылдары дәл осындай схема Жетісу облысында жалғасып, тағы 481 көлік тіркелген. Мұндағы шығын көлемі – 3,7 млрд теңге.

Сот барлық 21 айыпталушыны кінәлі деп танып, оларға 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…