Қоғам

9 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Сурет: Egemen Qazaqstan

9 қараша, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік өңірлерде ауа райы жылы болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада құбылмалы бұлтты, түнде кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауады, күндіз де жауын-шашын болады. Жел 9-14, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +4…+6°C, кейін төмендейді.

Алматыда жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C. Шымкентте түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауады, жел 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +18…+20°C.

Ақтауда бұлтты, жаңбыр жауады, түнде кей уақытта тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +7…+9°C. Ақтөбеде жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +2…+4°C.

Атырауда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Жел 2-7, күндіз 5-10 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C. Жезқазғанда жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +11…+13°C.

Қарағандыда жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Түнде +7…+9°C, күндіз +10…+12°C. Көкшетауда түнде кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз -1…+2°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз, жел 9-14, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C. Қостанайда жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел 5-10 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C.

Қызылордада бұлтты, жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Жел 7-12 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +14…+16°C. Павлодарда жаңбыр жауады, тұман түседі, жел 7-12 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +9…+11°C.

Петропавлда аздаған жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ, тұман болады. Жел түнде 4-9, күндіз 9-14 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +1…+3°C. Семейде түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауады, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +23…+25°C. Таразда жауын-шашынсыз, жел 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.

Түркістанда жаңбыр, найзағай болады, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +17…+19°C. Оралда жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел 7-12 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз +1…+3°C. Өскеменде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +7…+9°C, күндіз +15…+17°C.

Көп оқылғандар