Сурет: Қазгидромет
Қазгидромет 8 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына қатысты ескерту шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Күндіз шығыста өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады. Облыстың батысында күндіз ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Атырау облысында түнде және таңертең солтүстік, оңтүстік және шығыста жаңбыр, найзағай болады. Күндіз оңтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Атырау қаласында да өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Күндіз +35°C ыстық, кейін облыстың барлық аумағында ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Ұлытау облысында күндіз +35…+37°C аптап ыстық болады. Алдағы күндері алдымен батыс пен оңтүстікте, кейін бүкіл аумақта ауа температурасы +40…+41°C-қа жетеді.
Қарағанды облысында түнде шығыста жаңбыр, найзағай болады. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Қарағандыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай болады. Облыстың оңтүстігінде аптап ыстық, ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нөсер жаңбырға байланысты беткейлік ағын қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Абай облысында түнде батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстік пен оңтүстікте нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетуі мүмкін. Семейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында түнде оңтүстік пен солтүстікте жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз дауыл болуы мүмкін. Астанада жаңбыр, найзағай, күндіз дауыл және екпіні 15-18 м/с жел болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде күндіз +36°C ыстық, алдағы күндері ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Ақтөбеде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысы мен орталығында +35…+38°C аптап ыстық, кейін батыс пен оңтүстікте +40…+41°C ыстық болады.
Қостанай облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте жаңбыр, найзағай болады. Қостанайда күндіз +35°C ыстық. Облыс бойынша ауа температурасы +35…+38°C, алдағы күндері оңтүстікте +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Павлодар облысында түнде және таңертең батыс, оңтүстік және шығыста жаңбыр, найзағай болады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Алдағы күндері облыстың батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық, ауа температурасы +40…+41°C-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз шығыста жаңбыр, найзағай болады. Күндіз +35°C ыстық, алдағы күндері облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі.
Алматы облысында түнде оңтүстік және таулы аудандарда аздаған жаңбыр, найзағай болады. Күндіз батыс пен шығыста аздаған жаңбыр, оңтүстік пен таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай, тауда кей уақытта жаңбыр мен бұршақ жауады. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15 м/с жетеді. Қонаевта күндіз өткінші жаңбыр, найзағай және +35°C ыстық болады. Облыста күндіз +35…+36°C ыстық, кейін батыс пен орталықта ауа температурасы +40…+41°C-қа жетеді.
Жетісу облысында түнде орталық пен таулы аудандарда жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, тауда нөсер жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін. Талдықорғанда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыста күндіз +35…+36°C ыстық, алдағы күндері оңтүстік пен орталықта +40…+41°C аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында күндіз +40…+41°C аптап ыстық болады. Алдағы күндері облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +45°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Қызылорда қаласында күндіз +40°C ыстық.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік-шығыс және орталықта жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Ақтауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен солтүстік-шығысында +38…+41°C ыстық, алдағы күндері +43…+44°C аптап ыстық болады.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай болады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады.

