Қоғам

8 қыркүйекте Қазақстанның батысында ауа райы күрт суып, жаңбыр жауады

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 8 қыркүйекте еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендеп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ал қалған аймақтарда күн ыстық әрі жауын-шашынсыз болады.

Астанада ауа құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 12-14 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Алматыда да құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде 14-16, күндіз 29-31 градус жылы.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.

Ақтауда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 7-12 м/с. Түнде 15-17, күндіз 21-23 градус жылы.

Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде 15-17, күндіз 20-22 градус жылы.

Атырауда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Түнде 13-15, күндіз 31-33 градус жылы.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді. Түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде 12-14, күндіз 30-32 градус жылы.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде 14-16, күндіз 33-35 градус жылы.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде 9-11, күндіз 28-30 градус жылы.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде 9-11, күндіз 29-31 градус жылы.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде 8-10, күндіз 26-28 градус жылы.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде 6-8, күндіз 29-31 градус жылы.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде 14-16, күндіз 33-35 градус жылы.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде 18-20, күндіз 33-35 градус жылы.

Оралда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде 12-14, күндіз 17-19 градус жылы.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде 8-10, күндіз 27-29 градус жылы.

Көп оқылғандар