Қоғам

7-8 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиада жеңімпаздары анықталды

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Астанада 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Бұл – білімге деген құштарлықтың, еңбекқорлықтың жемісі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылар қатысты. Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Көп оқылғандар