Сурет: Ашық дереккөз
Қазгидромет 5 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Елдің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.
Күндіз Атырау облысында 35-37 градус, Маңғыстау облысында 38-40 градус, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Мазмұнға өту
