Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» 5 шілдеге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашын болмайды. Жел 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.
Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +29…+31°C.
Ақтөбеде күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +33…+35°C.
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +24…+26°C.
Көкшетауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +23…+25°C.
Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
Қызылордада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.
Павлодарда күн құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын болмайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +23…+25°C.
Семейде күн құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын болмайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел 5-10 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +24…+26°C.
Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашын болмайды. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.
Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.
Оралда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын болмайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел түнде 4-9 м/с, күндіз 7-12 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +25…+27°C.

