Сурет: Egemen Qazaqstan
42 жыл бойы ешқандай құжаты болмаған азамат алғаш рет жеке куәлік алды. Бұл оқиға Батыс Қазақстан облысында тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 42 жыл бойы құжатсыз жүрген. Ол ешқашан туу туралы куәлік немесе жеке басын куәландыратын құжат алмаған.
«Азаматтың құжатсыз жүргеніне байланысты ол әлеуметтік көмек ала алмаған, жұмысқа тұра алмаған. Біз оның құжаттарын реттеуге көмектестік», — деді полиция қызметкері.
Қазіргі уақытта азаматқа жеке куәлік беріліп, ол құжатты алғаш рет қолына алды. Ол алдағы уақытта әлеуметтік көмек алуға және ресми жұмысқа тұруға мүмкіндік алады.

