Сурет: Aikyn.kz
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемнің үздік жоғары оқу орындарының QS World University Rankings рейтингінде 317-орынға ие болды. Бұл – қазақстандық білім беру саласындағы маңызды жетістік, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы рейтингте ЕҰУ өз позициясын бірнеше сатыға көтеріп, әлемдік білім кеңістігіндегі беделін нығайтты. Университеттің ғылыми зерттеулері мен халықаралық ынтымақтастығы бұл нәтижеге жетуге септігін тигізді.
«Біздің мақсатымыз – әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттарына сәйкес келу. 317-орын – бұл тек бастамасы, алдағы жоспарлар әлі де зор», – деді университет өкілі.
QS рейтингі әлемнің 1500-ге жуық университетін қамтиды. ЕҰУ-дың бұл жетістігі еліміздің жоғары білім саласындағы даму қарқынын көрсетеді.

