Басты тақырып

30 шілдеге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер өңірлерде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталатынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +38…+40°C.

Ақтауда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25°C, күндіз +31…+33°C.

Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 5–12 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +30…+32°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +24…+26°C, күндіз +32…+34°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +35…+37°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 4–9 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз. Жел 6–11 м/с. Ауа температурасы түнде +25…+27°C, күндіз +39…+41°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел түнде 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C.

Семейде бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел түнде 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 14 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +33…+35°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +24…+26°C, күндіз +40…+42°C.

Оралда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +26…+28°C.

Өскеменде бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел түнде 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.

Көп оқылғандар