Сурет: Egemen Qazaqstan
3 тамызда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +40°C-қа дейін көтеріледі. Солтүстік және орталық аймақтарда жаңбыр, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с, түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.
Алматыда кешке жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +21…+23°C, күндіз +36…+38°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.
Ақтауда ашық, жауын-шашынсыз, жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +32…+34°C.
Атырауда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Қарағандыда түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
Көкшетауда күндіз жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +40…+42°C.
Қостанайда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел 9–14 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
Павлодарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен шквал болуы мүмкін. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C.
Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Жел түнде 7–12 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін. Түнде +17…+19°C, күндіз +26…+28°C.
Семейде күндіз жаңбыр, найзағай. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +37…+39°C.
Таразда жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Түнде +22…+24°C, күндіз +36…+38°C.
Оралда жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.
Мазмұнға өту
