Сурет: Pexels
Синоптиктер 27 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай болатынын болжады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» 2026 жылғы 27 шілдеге арналған республика бойынша ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі күні батыста, солтүстік-шығыста, шығыста, орталықта және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Шығыста нөсер жаңбыр күтіледі.
Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда. Батыста, оңтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Мазмұнға өту
