Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күн ыстық болады, кей өңірлерде ауа температурасы +37°C-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік және шығыс аймақтарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8, екпіні 15-18 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады. Жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +27…+29°C.
Атырауда жауын-шашынсыз, күн ашық. Жел түнде 2-7, күндіз 6-11 м/с. Түнде +22…+24°C, күндіз +35…+37°C.
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.
Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Жел түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +19…+21°C.
Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.
Қонаевта аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Қостанайда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.
Қызылордада жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.
Петропавлда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.
Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 5-10, екпіні 15-20 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +21…+23°C.
Талдықорғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +23…+25°C.
Таразда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.
Оралда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Жел 7-12 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.
Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 5-10, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.
Мазмұнға өту
