Басты тақырып

22 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» мамандары 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, елдің көп жерінде дауылды ескерту жарияланып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, кей өңірлерде қатты жаңбыр мен бұршақ түсуі ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Алматыда да бұлтты, жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +27…+29°C.

Шымкентте бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +30…+32°C.

Ақтауда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 5–10 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +30…+32°C.

Ақтөбеде ашық, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.

Атырауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +22…+24°C, күндіз +34…+36°C.

Жезқазғанда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +25…+27°C.

Қарағандыда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C.

Көкшетауда ауыспалы бұлтты, жаңбыр. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +28…+30°C.

Қостанайда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +27…+29°C.

Қызылордада бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +31…+33°C.

Павлодарда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +24…+26°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.

Семейде бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.

Талдықорғанда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Таразда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +20…+21°C, күндіз +31…+33°C.

Түркістанда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +31…+33°C.

Оралда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Өскеменде бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Көп оқылғандар