Басты тақырып

22 шілдеде Қазақстанда телеарналар мен радио хабар таратуын уақытша тоқтатады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық оператор «Қазтелерадионың» мәліметінше, 22 шілде күні Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады.

Бұл жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, — делінген хабарламада.

Көп оқылғандар