Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» 21 шілде күнгі ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болуы ықтимал.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде 35 градус, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 35-38 градус, Жетісу облысында 35-39 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы 41 градусқа жетеді.
Мазмұнға өту
