Қазгидромет 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген өңірде ауа райы тұрақсыз болады. Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз күн күтіледі.
Солтүстікте, орталықта және шығыста жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік-шығыста да дәл осындай жел соғады.
«Республиканың батысы мен солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін», — деп хабарлады синоптиктер.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Жетісуда күн райы күрт өзгереді: найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі.
Астанада түнде жаңбыр жауып, күндіз бұлтты болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде 8-10, күндіз 15-17 градус жылы болады.
Алматыда түнде жаңбыр жауады, күндіз де жаңбырлы. Найзағай ойнап, жел күшейеді. Түнде 11-13, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Шымкентте түнде жаңбыр жауып, күндіз айнымалы бұлтты. Найзағай, желдің екпіні секундына 15-20 метр, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы.

