Сурет: ашық дереккөзден
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтар паспорт алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мүмкіндік шетелде тұрақты тұратындарға, студенттерге, еңбек шартымен жұмыс істейтіндерге, сондай-ақ шетелде туған балалар мен олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Паспорт цифрлық жүйе болған жағдайда 40 жұмыс күнінде, ал жүйе болмаған кезде 90 күнтізбелік күнге дейін рәсімделеді.
ЖСН-ы жоқ 14 жасқа дейінгі балаларға паспорт алғаш рет рәсімделгенде, алдымен ЖСН алу процедурасы жүргізіледі.
Жаңа тәртіп 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Мазмұнға өту
