Қоғам

2026-2027 оқу жылына 75 мыңнан астам білім гранты бөлінді

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары конкурсының қорытындысы шығып, иегерлер анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс аясында бакалавриатқа 75 мыңнан астам грант бөлінді. Конкурсқа қатысу үшін 127 041 өтініш түсті.

Конкурс нәтижесінде мемлекеттік тапсырыстың 98 пайызы игерілді. Бұл гранттардың еңбек нарығының сұранысына сай тиімді бөлінгенін көрсетеді.

Биыл өңірлік теңгерімді қамтамасыз ету бастамалары жалғасты. «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 180 грант, ал батыс өңірлердің жастарына 2 500 грант бөлінді.

Сонымен қатар шетелдік ЖОО филиалдарына 3 190 грант қарастырылды.

Гранттар экономиканың кадрлық сұранысын ескере отырып бөлінді. Ең көп грант инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 16 674, педагогикаға – 12 228, ақпараттық технологияларға – 10 387, жаратылыстану ғылымдарына – 9 188, ауыл шаруашылығына – 2 515, қызмет көрсетуге – 2 170, өнер мен гуманитарлық ғылымдарға – 1 915, әлеуметтік ғылымдарға – 1 485, бизнес және құқыққа – 1 423 грант берілді.

Көп оқылғандар