Сурет: Freepik
Қазақстанда 2025 жылдан 2026 жылдың алғашқы жартысына дейін 25 мыңнан астам адам мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша 2025 жылы 17 220 адам, ал 2026 жылдың алғашқы алты айында 7 825 адам көлік басқару құқығынан айырылған. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 25 045 адамды құрады.
Өзге де құқықбұзушылықтар үшін де жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған. 2025 жылы 590-бап бойынша 812 адам, 596-бап бойынша 11 640 адам, 606-бап бойынша 27 адам, 607-бап бойынша 2 адам, 610-бап бойынша 823 адам, 611-бап бойынша 452 адам, 612-бап бойынша 15 адам, 613-бап бойынша 845 адам куәліктен айырылды. 2026 жылдың алғашқы алты айында 590-бап бойынша 816 адам, 596-бап бойынша 4 970 адам, 606-бап бойынша 1 адам, 607-бап бойынша 2 адам, 610-бап бойынша 564 адам, 611-бап бойынша 255 адам, 612-бап бойынша 9 адам, 613-бап бойынша 368 адам көлік басқару құқығынан айырылды.
Мас күйде көлік жүргізгені үшін куәліктен айыру ең көп тіркелген өңірлер – Алматы, Астана, Ақмола және Жамбыл облыстары. Алматыда 2025 жылы 2 156 адам, 2026 жылдың алғашқы жартысында 1 000 адам; Астанада тиісінше 1 420 және 647 адам; Ақмола облысында 1 263 және 546 адам; Жамбыл облысында 947 және 470 адам куәлігінен айырылды.
Мазмұнға өту
