Сурет: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
«Қазгидромет» синоптиктері 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының батысы, солтүстігі және шығысы жаңбырлы, найзағайлы, дауылды болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында түнде солтүстік-шығыста жаңбыр, күндіз батыс, солтүстік және шығыста нөсер жауады, тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр, түнде және таңертең батыста тұман болады. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Абай облысының батысы мен оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай ойнайды. Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз аптап ыстық (35-38°C) болады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Ұлытау облысында желдің екпіні 15 м/с жетеді. Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысы жаңбырлы, найзағайлы болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, шығыста нөсер, күндіз оңтүстік пен шығыста бұршақ, дауыл күтіледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Ақтөбе облысында түнде солтүстік пен орталықта аздаған жаңбыр, күндіз шығыс пен орталықта бұршақ, дауыл болады, ауа температурасы 35-40°C жетеді. Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Мазмұнға өту
