Сурет: Ашық дереккөз
14 шілдеде Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай соғады деп күтілуде. Астана, Ақмола, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз температура +43 градусқа дейін жетеді. Түркістан облысында +41…+43 градус, Қызылорда облысында +40…+42 градус, Шымкент пен Жезқазғанда +39…+41 градус, Астана, Қонаев және Таразда +37…+39 градус, Атырауда +36…+38 градус ыстық болады.
Солтүстік өңірлерде, оның ішінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарының бірқатар аумақтарында жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.
Мазмұнға өту
