Басты тақырып

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

Сурет: Pexels

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз. Көп жерде найзағай, жаңбыр, кей өңірлерде бұршақ жауады. Солтүстік-батыс, шығыс және орталық аймақтарда нөсер күтіледі. Жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста дауыл соғады.

Түнде және таңертең солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығыс өңірлерде тұман болуы мүмкін.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы 35-37 градусқа жетеді. Маңғыстау облысында 38-41 градус, Түркістан мен Қызылорда облыстарында 40-41 градус ыстық болады. Атырау облысының оңтүстік-шығысы мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Көп оқылғандар