Басты тақырып

13 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, жаңбыр және 45 градусқа дейін ыстық

Сурет: Ауа райы

Бүгін Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда бұршақ пен дауыл күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жауын-шашын болмайды. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында 35-43 градус ыстық болады.

Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды мен Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында 40-45 градус қатты ыстық күтіледі.

Айта кетейік, Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті. Бақылау нүктелерінің бірінде екі аптаға созылған экстремалды ыстық кезінде мұз қабатының қалыңдығы шамамен 1,5 метрге азайған.

Көп оқылғандар