Басты тақырып

13 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде 39°C ыстық пен шаңды дауыл күтіледі

Сурет: Александр Павский/ Kazinform

«Қазгидромет» синоптиктері 13 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада күндіз ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда өткінші жаңбыр мен найзағай күтілсе, Шымкентте желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Көкшетауда да осындай ауа райы күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай жауады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Қостанай қаласында да дәл осындай құбылыстар күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +35…+36°C ыстық болады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде, ал күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар. Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары, солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында жел күшейіп, төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз +35…+38°C ыстық, жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Оралда да осындай ауа райы күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай болады. Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Абай облысында күндіз жел күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады.

Көп оқылғандар