Сурет: Egemen Qazaqstan
13 шілде, дүйсенбі күні Астананың бірқатар мекенжайында электр энергиясы мен ыстық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ыстық суды өшіру кестесі мекенжайға байланысты: 08:00-ден 17:00-ге дейін, 08:00-ден 18:00-ге дейін, сондай-ақ 13 шілде сағат 00:30-дан 15 шілде сағат 17:00-ге дейін және 13 шілде сағат 08:00-ден 17 шілде сағат 23:59-ға дейін.
Өшірулер жылу желілеріндегі ревизия, жаңа желілерді қосу, ысырмаларды ауыстыру, жоспарлы профилактикалық жұмыстар мен сынақтарға байланысты. Бұл жұмыстар қаланың оң және сол жағалауын қамтиды.
Сонымен қатар, дүйсенбі күні Астананың кейбір аудандарында электр энергиясы да уақытша өшіріледі. Мекенжайларға қарай жарық 08:30-дан 16:30-ға дейін, 08:30-дан 18:00-ге дейін және 09:00-ден 16:30-ға дейін болмайды. Себебі – қаладағы күрделі жөндеу жұмыстары.
Жарық пен ыстық судың нақты қай мекенжайларда өшірілетіні туралы ақпаратты ikomekastana.kz порталындағы @ikomek109_astanabot арқылы көруге болады.
Мазмұнға өту
