Басты тақырып

13 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: үсік пен бұршақ күтіледі

13 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, тіпті үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде жауын-шашын қатты болады. Оңтүстікте ауа райы салыстырмалы түрде жылы болғанымен, найзағай мен екпінді жел сақталады.

Батыс Қазақстан облысында да күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде ауа температурасы 0-5°C-қа дейін төмендеп, үсік қаупі бар.

Көп оқылғандар